2026 жылғы 21 тамызда Нурлан Зарлыкович Уразалиновтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті.
Сессияда депутаттар 2026 жылға арналған Жітіқара ауданының жер комиссиясының, Жітіқара аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының, учаскелік сайлау комиссияларының, Жітіқара ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның, Жітіқара ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамдарына өзгерістер енгізу туралы мәселелерді қарады,
Жұмысқа Жітіқара ауданы әкімінің орынбасары, аппарат басшысы, аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы, мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты.
Отырыс барысында қызықтырған сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді.
Сессия отырысының қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhitikara/press/news/details/1277947?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау