Жастар практикасы – жас мамандарға жарқын бастама

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жастарды жұмыспен қамтып, олардың кәсіби жолын қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары Байғанин ауданында өз нәтижесін беруде. Соның бірі – жас мамандарға еңбек тәжірибесін жинақтап, тұрақты жұмысқа орналасуға мүмкіндік беретін «Жастар практикасы» бағдарламасы.

Бағдарламаның тиімділігін аудан жастарының тұрақты қызметке орналасуы да айғақтайды.

2026 жылдың 17 шілдесінде Жайнар Ерболатова «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша арнайы бағыттама алып, бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты. Нәтижесінде №2 Байғанин балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне тұрақты жұмысқа орналасты.

Ал 10 тамызда Асылайым Аманғос «Психолог» мамандығы бойынша арнайы бағыттама алып, бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде өз мүмкіндігін көрсетті. Бүгінде жас маман Қосарал негізгі мектебінде психолог лауазымында тұрақты еңбек етіп келеді.

Бұл – мемлекеттік қолдаудың жас мамандарға өз мүмкіндігін танытып, еңбек жолын бастауына нақты жол ашып отырғанының көрінісі.

Жас мамандарды жаңа қызметтерімен құттықтап, кәсіби жолдарына сәттілік пен толағай табыс тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-social/press/news/details/1277593?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version