Жолдағы қауіпсіздік – басты міндет

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Меркі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Меркі ауылындағы №9 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында жол жүру ережелерін қатаң сақтау, белгіленген жылдамдық режимін бұзбау, қауіпсіздік белдігін тағу және көлік жүргізу кезінде ұялы телефонды пайдаланбау қажеттігі түсіндірілді. Сондай-ақ мас күйінде немесе шаршаған жағдайда көлік басқарудың қауіптілігі айтылды. Әсіресе арнайы қызметтік көліктермен шақыртуларға шығу кезінде жол қауіпсіздігі талаптарын сақтау маңызды. Құтқарушылар жолдағы қауіпсіздік әр адамның жауапкершілігінен басталатынын атап өтті.

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1277534?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version