2026 жылғы 20 тамызда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінде (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі А. Ертаев 2026 жылғы 3 шілдеде бекіткен кәсіпорын жұмыскерлерін жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруды қамтамасыз ету жөніндегі 2026 жылға арналған жоспар-кестені орындау шеңберінде Алматы қаласы Полиция департаментінің, Алматы қаласы Білім басқармасының және «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ-ның Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалы өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізілді.
Кеңес барысында кәсіпорындардың жұмыскерлерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарын жасасуын қамтамасыз етуге бағытталған алдағы бірлескен іс-қимылдар айқындалды. Сондай-ақ қажетті ақпарат алмасу, тиісті сақтандыру шарттарын жасаспаған кәсіпорындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу және осы саладағы заңнама талаптарының орындалуына одан әрі мониторинг жүргізу жөнінде келісімге қол жеткізілді.
Видеоның толық нұсқасын ссылкадан көре аласыз:
https://www.instagram.com/reel/DcSia22M0cl/?igsi=MWZ1NDk3bnlwOW9pYQ==
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-enbek/press/news/details/1277997?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау