Қазақстанның Ұлттық спорт университетінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен Таиланд Корольдігінің Елшілігі ұйымдастырған екі күндік муай-тай шеберлік сабағы аяқталды.
20 тамызда өткен ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары А. Куантыров қатысты. Ол шеберлік сабағын өткізу Қазақстан мен Таиланд арасындағы қарым-қатынастарды нығайтуға, сондай-ақ спорт, мәдени және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететінін атап өтті.
21 тамызда А. Куантыров Таиландтың Қазақстандағы Елшісі П. Нийомреркпен және Таиландтың атақты спортшыларымен кездесті. Кездесу барысында тараптар спорт саласындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын, оның ішінде бірлескен оқу-жаттығу жиындары мен шеберлік сабақтарын өткізу, сондай-ақ спортшылар мен жаттықтырушылар арасындағы тікелей байланыстарды дамыту мәселелерін талқылады.
Іс-шараға танымал тай спортшылары, соның ішінде екі дүркін K-1 World MAX чемпионы және муай-тайдан бірнеше дүркін әлем чемпионы, аты аңызға айналған спортшы Буавак Банчамек (Buakaw Banchamek), сондай-ақ Нуенгланлек Джитмуангнон (Nuenglanlek Jitmuangnon) және Мари Румет (Marie Ruumet) қатысты.
Практикалық сабақтар барысында екі елдің спортшылары мен жаттықтырушылары кәсіби тәжірибелері және спорттық шеберліктерімен алмасты. Шеберлік сабағын өткізу Қазақстан мен Таиланд арасындағы спорттық, мәдени және гуманитарлық байланыстарды нығайту жолындағы кезекті практикалық қадам болды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1278440?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау