Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы Мұрат Рахметұлы Назарова Сарвар Ризоевнаны қабылдады.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы Мұрат Рахметұлы Назарова Сарвар Ризоевнаны қабылдады. Кездесуге облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Нүркен Жанатұлы да қатысты.

Кездесу барысында Мұрат Рахметұлы Назарова Сарвар Ризоевнаға үстел теннисін дамытуға қосқан зор үлесі, көп жылғы еңбегі мен жас спортшыларды тәрбиелеудегі қажырлы қызметі үшін алғыс айтып, ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, 65 жасқа толған мерейтойымен де құттықтады.

Назарова Сарвар Ризоевна — Батыс Қазақстан облысының үстел теннисінен аға жаттықтырушысы, «Тұлпар» командасының бас жаттықтырушысы, сондай-ақ Орал қаласында үстел теннисінің дамуына зор үлес қосқан танымал спортшы.

Сарвар Ризоевна Бүкілодақтық жарыстардың чемпионы, көптеген талантты теннисшілерді тәрбиелеген білікті бапкер. Сарвар Ризоевна өңірдегі үстел теннисінің дамуына және жас спортшылардың кәсіби шеберлігін арттыруға зор үлес қосып келеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zko/press/news/details/1278376?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version