Қарағанды облысында шахталарға апаратын жолдар жаңартылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағанды шахтерлері шахталарға апаратын кірме жолдардың жай-күйіне қатысты мәселені бірнеше рет көтерген болатын. Енді Ленин атындағы және «Қазақстан» шахталарына апаратын жол учаскелерін жаңарту жұмыстары басталды. Жалпы екі нысанға апаратын шамамен 5 шақырым жол жөндеуден өтеді.

Жөндеу жұмыстары коммуналдық баланстағы жолдарда жүргізілуде. Бүгінде оның 3,3 шақырымында жол негізін дайындау жұмыстары аяқталды.

— Биыл екі шахтаға апаратын кірме жолдарды жөндеуге кірістік. Ұзындығы 1,2 шақырым болатын «Қазақстан» шахтасына апаратын жолда негізді дайындау жұмыстарының басты бөлігі аяқталып, асфальттың төменгі қабаты төселді, — деді Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Аян Шағдат.

Бұл жолдар шахта қызметкерлері, қызметтік көліктер мен арнайы техниканың күнделікті қатынауы үшін пайдаланылады. Сондықтан олардың сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын талап та жоғары. Жөндеу барысында жол жабыны толық жаңартылып қана қоймай, асфальттың екі қабаты төселеді, жол жиектері нығайтылады, қажетті жол белгілері орнатылып, тиісті жол таңбалары түсіріледі.

Жалпы, 2026 жылы Қарағанды облысында шамамен 500 шақырым автомобиль жолын жөндеу және қайта жаңарту жоспарланып отыр.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1278401?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version