Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстанда жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған пәтерлер мен үйлердің жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау қағидалары қолданылады. Бағдарламаның операторы болып «Отбасы банкі» АҚ белгіленген.
Атаулы көмек қағидаты азаматтардың ортақ жауапкершілігін көздейді, оған сәйкес жалдау ақысының 50%-ы мемлекеттік субсидия есебінен өтелсе, қалған 50%-ын алушы өз қаражаты есебінен төлейді.
Жалпы, 2022 жылдан бері қазақстандық 45 514 отбасы субсидия алған. 34 246 алушымен жасалған шарт мерзімінен бұрын бұзылған: қазірдің өзінде 20 424 отбасы жалға берілетін және кредиттік тұрғын үйге ие болған, қағида талаптары сақтамауына байланысты 13 822 отбасымен жасалған шарттар бұзылған. Бүгінде субсидия алушылардың саны 11 268 отбасын құрайды.
«Мұндай қолдауға мынадай санаттағы азаматтар үміткер бола алады: бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім балалар, көпбалалы отбасылар. Бұл ретте отбасының әрбір мүшесінің соңғы 6 айдағы жиынтық табысы күнкөріс минимумының 1 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс. Сондай-ақ санаттар бойынша тұрғын үйге мұқтаж ретінде әкімдікте есепте тұрғанын растау қажет. Субсидия төлемдерін алу үшін өтінім «Отбасы банкі» АҚ-ның ресми сайты арқылы беріледі», — деп түсіндірді ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Тұрғын үй қатынастары басқармасының басшысы міндетін атқарушы Дәубек Керімбаев.
Өтінім беру барысында тұрғын үйді жалға берушінің келісімін ЭЦҚ арқылы растауы талап етіледі. Барлық талап орындалған жағдайда «Отбасы банкі», субсидия алушы және жалға беруші арасында үшжақты шарт жасалады. Субсидиялар мемлекет тарапынан шартта белгіленген күнге сәйкес уақтылы төленеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/1278359?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау