№37 сайлау учаскесі таңғы сағат 7:00-де жұмысын бастады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

№37 сайлау учаскесі белгіленген тәртіпке сай таңғы сағат 7:00-де жұмысын бастады. Осы уақытқа дейін учаскелік комиссия мүшелері өз орындарына жайғасып, саяси партиялардан келген байқаушылар да жұмысын бастады. Таң сәріден алғашқы сайлаушылар сайлау учаскесіне келе бастады.

Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Бақытжан Шараповтың айтуынша, бұл учаскеде 2325 сайлаушы тіркелген. Өткен жылдардағы тәжірибеге сүйенсек, сайлаушылардың белсенділігі түске дейін жоғары болады.

Сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып 1960 жылы туған Ниязбек Маханов келіп, өз таңдауын жасады. Зейнеткер жаңа Қазақстанның қалыптасуына өз үлесін қосу үшін Қазақстан тарихында өтіп жатқан алғашқы Құрылтай сайлауында дауыс беруге келгенін айтты.

Ол Құрылтай депутаттарын сайлау үшін өз таңдауын №37 сайлау учаскесінде жасады.

Алғаш болып дауыс бергені үшін ардагерге сыйлық ретінде сәнді шапан тарту етілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/1278499?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version