Құрылтай депутаттарын сайлау барысында жастардың белсенділігі байқалады. №7 сайлау учаскесінде 18 жасқа толған жас азаматтар өздерінің конституциялық құқықтарын пайдаланып, алғаш рет дауыс беруге келді. Солардың бірі – Гаухар Билханова.
– Бұл күн мен үшін ерекше әрі маңызды сәт. Себебі бүгін мен алғаш рет дауыс бердім. Өмірімдегі алғашқы сәттердің бірі, – деді ол.
№7 сайлау учаскесі төрағасының айтуынша, дауыс беру процесі заң талаптарына сәйкес ұйымдастырылған. Мұнда 1308 азамат тіркелген. Учаскелік комиссия құрамында 7 мүше бар. Ал дауыс беру барысын 10 байқаушы қадағалап отыр. Қазір тұрғындар өз таңдауын жасап, сайлау учаскесіне келушілер саны артып келеді. Айта кетейік, алғаш рет дауыс берген жастарға бірқатар учаскеде естелік сыйлықтар табысталуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1278466?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау