Алматыда Алтынсарин даңғылының бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алтынсарин даңғылының бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

22 тамыз сағат 23:00-ден 23 тамыз сағат 07:00-ге дейін Жандосов және Шаляпин көшелерінің арасындағы учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылады.

Жөндеу жүргізіліп жатқан учаскеде ескерту белгілері және мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты көрсетілген ақпараттық тақталар орнатылады.

Жүргізушілерден сапар бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Еске саламыз, жол қозғалысына қойылатын шектеулер туралы барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс карталар» сервистерінде жарияланады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1278451?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version