Аудан басшысы Жаңақорған кентіндегі №335 сайлау учаскесінде таңдау жасап, ел болашағы үшін маңызды саяси науқанға қатысу әр азаматтың конституциялық құқығы әрі азаматтық жауапкершілігі екенін атап өтті.
– Құрылтай сайлауы – отанымыздағы саяси жаңғырудың маңызды қадамы. Жаңа қоғамдық-саяси институттың қалыптасуы азаматтардың белсенділігі мен жауапкершілігіне тікелей байланысты. Бүгінгі дауыс беру үдерісі – әрқайсымыздың елдің келешегіне деген көзқарасымызды білдіретін теңдессіз мүмкіндік., – деді Ғалымжан Жарқынбекұлы
Сайлау учаскелеріндегі дауыс беру барысы белгіленген тәртіпке сәйкес жалғасуда. Сайлаушылар белсенділігі – жоғары.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhanakorgan/press/news/details/1278572?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау