ЦИРК ӘРТІСТЕРІ САЙЛАУШЫЛАРДЫ ҚАРСЫ АЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Түркістан сарайында орналасқан №231 сайлау учаскесінде дауыс беруге келген тұрғындарды Шымкент қалалық циркінің әртістері қарсы алуда.

Өнер ұжымы сайлаушыларға арнап арнайы қойылым ұсынып, оларға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Қойылымнан кейін цирк әртістері де өз таңдауын жасап, азаматтық ұстанымдарын білдірді.

№231 сайлау учаскесінде барлығы 2335 сайлаушы тіркелген. Таңертеңнен бері учаскеге келушілердің қарасы үзілген жоқ.

Учаскелік комиссия төрағасы Сабет Қуатовтың айтуынша, дауыс беру процесі белгіленген талаптарға сай ұйымдастырылған. Комиссия мүшелері азаматтарға қажетті түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, дауыс беру тәртібінің сақталуын қамтамасыз етуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/1278558?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version