МАҚТААРАЛДА ЕГІЗДЕР ДАУЫС БЕРДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы Мақтаарал ауданында жоғары азаматтық белсенділікпен өтіп жатыр. Дауыс беру учаскелеріне таңмен таласа келген тұрғындар өздерінің конституциялық құқықтарын пайдаланып, ел болашағына қатысты таңдауын жасауда.
Сайлауда ерекше белсенділік танытқан азаматтардың қатарында егіздер Нұрғиса мен Нұрлыхан Күнтуғандар да бар. Бірге дүниеге келген егіздер бұл жолы да маңызды азаматтық сәтте қатар келіп, өз таңдауларын жасады.
Егіздердің сайлауға бірге қатысуы – өз алдына қызықты көрініс. Бір-біріне әрдайым қолдау көрсетіп жүретін Нұрғиса мен Нұрлыхан ел үшін маңызды саяси науқанда да қатар болып, азаматтық ұстанымдарын білдірді.
Дауыс беру рәсімінен кейін егіздер сайлаудың әр азамат үшін маңызына тоқталып, өз таңдауын жасау – ел болашағына деген жауапкершіліктің бір көрінісі екенін атап өтті.
«Сайлау – әрбір азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігін білдіретін маңызды кезең. Даусымызды беру арқылы мемлекетіміздің дамуына, қоғамның тұрақтылығы мен елдің келешегіне қатысты өз ұстанымымызды білдіреміз. Бүгінгі таңда еліміздің болашағына бейжай қарамай, әр азаматтың өз таңдауын жасап, сайлау процесіне белсенді қатысуы маңызды деп есептейміз», – деді Нұрғиса мен Нұрлыхан Күнтуғандар.
Егіздердің айтуынша, елдің болашағы тек мемлекеттік деңгейдегі шешімдерге ғана емес, әрбір азаматтың белсенділігі мен жауапкершілігіне де байланысты. Сондықтан, сайлау сияқты маңызды қоғамдық шараларға қатысу – азаматтық міндет әрі ел дамуына қосылған үлес.
Айта кетейік, бүгін Мақтаарал ауданында сайлаушылардың түрлі буыны дауыс беруге белсенді қатысуда. Ауыл ақсақалдары мен ақ жаулықты әжелерден бастап, жастар мен ересектер дейін өз таңдауын жасап, ел өміріндегі маңызды саяси науқанға үн қосуда.
(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-maktaaral/press/news/details/1278503?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version