Мақтаарал ауданы, 23 тамыз 2026 жыл. Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарын сайлау қарсаңында Мақтаарал ауданында тұрғындардың әлеуметтік жағдайын қолдауға бағытталған бірқатар іс-шара ұйымдастырылуда.
Солардың бірі – А. Қалыбеков ауылдық округіне қарасты Үлгілі елді мекенінде орналасқан №392 сайлау учаскесінің алдында ұйымдастырылған ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі.
Жәрмеңкенің басты мақсаты – жергілікті тұрғындарға сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерін қолжетімді бағамен ұсыну, отандық өнім өндірушілерді қолдау және азық-түлік бағасының тұрақтылығын қамтамасыз етуге үлес қосу.
Жәрмеңке сөрелерінен ауыл шаруашылығы өнімдерінің сан алуан түрін кездестіруге болады. Атап айтқанда, тұрғындарға бау-бақша өнімдері, көкөністер және басқа да азық-түлік тауарлары ұсынылуда.
Жәрмеңкедегі өнімдердің ерекшелігі – олардың нарықтағы қалыпты бағадан шамамен 10-15 пайыз төмен бағамен сатылуы. Бұл, әсіресе, күнделікті тұтынатын азық-түлік өнімдерін тиімді бағада сатып алуға мүмкіндік алған жергілікті тұрғындар үшін тиімді бастама болып отыр.
Таң сәріден жәрмеңкеге жиналған тұрғындар өздеріне қажетті өнімдерді таңдап, жергілікті шаруалар мен кәсіпкерлердің тауарларын сатып алуда. Сауда орындарында ауыл шаруашылығы өнімдерінің мол қоры жасақталып, тұрғындарға таңдау мүмкіндігі ұсынылған.
Жәрмеңке жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін де өз өнімдерін тікелей тұтынушыларға ұсынуға мүмкіндік беретін тиімді алаңға айналды. Арадағы делдалдар санының азаюы өнімдерді қолжетімді бағада сатуға жол ашып отыр.
Тұрғындар үшін мұндай жәрмеңкелердің тағы бір артықшылығы – ауыл шаруашылығы өнімдерін тікелей жергілікті өндірушілерден сатып алу мүмкіндігі. Бұл бір жағынан тұтынушыға тиімді болса, екінші жағынан жергілікті шаруалардың еңбегін қолдауға мүмкіндік береді.
Сайлау учаскесінің маңында жәрмеңкенің ұйымдастырылуы ауыл тұрғындары үшін қосымша қолайлылық туғызуда. Азаматтар сайлау учаскесіне келіп, өздерінің азаматтық таңдауын жасаумен қатар, күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік өнімдерін тиімді бағамен сатып ала алады.
Айта кетейік, Мақтаарал ауданында Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына байланысты барлық 62 дауыс беру учаскесі өз жұмысын бастады. Сайлау процесімен қатар, аудан тұрғындары үшін қоғамдық және әлеуметтік маңызы бар бірқатар шаралар да ұйымдастырылуда.
(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-maktaaral/press/news/details/1278469?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау