Облыс орталығында халықаралық «Mongol Rally» көліктер шеруі аяқталды. Биыл оған әлемнің 26 елінен 120-дан астам команда қатысты.
Саяхатшылар жарты құрлықты басып өтіп, 10 мың шақырымнан астам жолды еңсерді. Ұзақ сапарын олар Шығыс Қазақстанда аяқтады. Халықаралық автошеру Өскеменде биыл үшінші рет мәреге жетті.
Іс-шараға Англия, Дания, Бельгия, Италия, Ирландия, Норвегия, Аустралия, Франция, АҚШ, Канада, Нидерланд, Германия, Швеция, Швейцария, Жаңа Зеландия, Болгария, Словения, Испания және өзге де мемлекеттердің өкілдері қатысты. Сапар барысында шетелдік саяхатшылар өңірдің табиғаты мен көрікті орындарын аралап, алған әсерлерін әлеуметтік желіде жариялады.
Автошеру мәресіне жиналған қала тұрғындары мен қонақтары әлемнің әр түкпірінен келген шетелдіктермен жүздесіп, олардың мәдениетімен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.
(Мәтін мен фотосуреттерді пайдаланғанда ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасау міндетті).
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1278548?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау