Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының аймақтар бойынша сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы туралы хабары: астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес сағат 14.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы мынаны құрады:
- Астана қаласы бойынша – 40,92%.
- Абай облысы бойынша – 63,07%.
- Ақмола облысы бойынша – 61,15%.
- Ақтөбе облысы бойынша – 60,87%.
- Алматы облысы бойынша – 54,57%.
- Атырау облысы бойынша – 54,49%.
- Батыс Қазақстан облысы бойынша – 50,21%.
- Жамбыл облысы бойынша – 50,58%.
- Жетісу облысы бойынша – 62,89%.
- Қарағанды облысы бойынша – 62,79%.
- Қостанай облысы бойынша – 55,86%.
- Қызылорда облысы бойынша – 64,22%.
- Маңғыстау облысы бойынша – 50,65%.
- Павлодар облысы бойынша – 54,01%.
- Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 58,63%.
- Түркістан облысы бойынша – 57,72%.
- Ұлытау облысы бойынша – 53,31%.
- Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 61,10%.
- Алматы қаласы бойынша – 30,36%.
- Шымкент қаласы бойынша – 55,32%.
Жалпы еліміз бойынша сағат 14.00-дегі жағдай бойынша 6 696 002 сайлаушы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 53,12% құрады.
Азаматтардың уақытша болу орындарындағы 305 учаскеде дауыс беру аяқталды.
Сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы туралы келесі ақпарат сағат 16.00-де беріледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1278576?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау