23 тамызда, Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы өтетін күні Атырау қаласында қоғамдық көлік тұрғындарға тегін қызмет көрсетеді.
Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, автобустар таңғы сағат 6:35-тен бастап жүріп, кешкі сағат 20:30–21:30-ға дейін қатынайды. Жұмыс уақыты нақты бағытқа байланысты болады.
Жалпы, бұл күні қала бағыттарына шамамен 230 автобус шығарылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1278446?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау