Атырау қаласындағы №2 Жұмекен Нәжімеденов атындағы орта мектеп ғимаратында сайлау күніне орай жәрмеңке ұйымдастырылды,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Жәрмеңке жаңа оқу жылы қарсаңында тұрғындарға дауыс берумен қатар, отбасы қажетіне қажетті азық-түлік пен мектепке керек-жарақтарды бір жерден сатып алуға мүмкіндік берді.
Жәрмеңкеге бес кәсіпкерлік нысан қатысып, тұрғындарға көкөністер мен оқу құралдарын ұсынды. Олардың қатарында «Nurslife», «Лидер-Пласт», «Асанова» жеке кәсіпкерлері және «Арай», «Otbasy» шаруа қожалықтары бар.
Осылайша, тұрғындар сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасағаннан кейін қаланың бірқатар аумағында ұйымдастырылған жәрмеңкелерден күнделікті тұтынатын өнімдер мен балаларға қажетті мектеп құралдарын сатып алу мүмкіндігіне ие болды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1278484?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау