Қазақстан тарихында алғаш рет өтіп жатқан Құрылтай сайлауы аясында Шымкент қаласындағы сайлау учаскелерінде ұлттық және үстел ойындарынан жарыстар ұйымдастырылды.
Іс-шаралар қазақ халқының дәстүрі мен мәдени мұрасын насихаттауға, жастар мен қала тұрғындарының ұлттық спорт түрлері мен зияткерлік ойындарға қызығушылығын арттыруға бағытталды.
Қайтпас шағынауданындағы №84 орта мектепте орналасқан №130 сайлау учаскесінде асық ату, дойбы және шахматтан жарыстар өтті.
Жарыстарға жергілікті тұрғындар, жастар, мектеп оқушылары, студенттер, қоғамдық белсенділер мен Шымкент қонақтары қатысты.
Ұлттық ойындар ұрпақтар сабақтастығын, бірлік пен ұлттық дәстүрге деген құрметті дәріптеуге мүмкіндік берді. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларға естелік сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.
№130 сайлау учаскесінің төрағасы Ақбота Арынбаеваның айтуынша, учаскеде 1697 сайлаушы тіркелген, оның үшеуі – мүгедектігі бар азамат.
«Біздің сайлаушыларымыз белсенділік танытуда. Сағат 11:00-ге дейін 150-ге жуық адам дауыс беріп үлгерді. Алда сайлаушылар ең көп келетін белсенді уақыт бар. Адамдар көтеріңкі көңіл-күймен келіп, өз таңдауын саналы түрде жасауда», – деді Ақбота Арынбаев
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/1278533?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау