САРЫАҒАШ: ЖОНАРЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕГІ ЖАҢА МӘДЕНИЕТ ОШАҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Жонарық елді мекенінде бой көтеріп жатқан 200 орындық мәдениет үйі мен кітапхана ғимаратының құрылыс жұмыстарының барысын пысықтады.
Аудан басшысы аталған нысанның елді мекен тұрғындары үшін әлеуметтік және мәдени маңызы зор екенін атап өтті. Осыған байланысты мердігерге құрылыс жұмыстарының сапасына айрықша мән беріп, құрылыс нормалары мен белгіленген талаптардың қатаң сақталуын тапсырды. Сондай-ақ жұмыс қарқынын бәсеңдетпей, нысанды өндірістік кестеге сәйкес аяқтау қажеттігін атап өтті.
Қазіргі таңда ғимараттың ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар нысан аумағында сыртқы абаттандыру және қоршау жұмыстары атқарылуда.Жобаның құрылыс жұмыстарын «ST-SERVICE KZ» ЖШС жүзеге асыруда.
Жаңа мәдениет үйі мен кітапхананың пайдалануға берілуі Жонарық елді мекенінің мәдени инфрақұрылымын дамытуға, тұрғындардың мәдени-рухани қажеттіліктерін өтеуге және ауылдағы қоғамдық өмірдің жандануына оң ықпал етпек.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1278561?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version