Шымкент қалалық опера және балет театрының әртістері №11 сайлау учаскесіне барып, Құрылтай депутаттарының сайлауында өз таңдауын жасады.
Өнер ұжымы ел өміріндегі маңызды қоғамдық саяси науқаннан шет қалмай, азаматтық құқықтарын пайдаланып, дауыс берді. Сахнада көрерменге өнер арқылы рухани құндылықтарды жеткізіп жүрген әртістер үшін ел тағдырына қатысты маңызды сәттерде азаматтық ұстанымын білдіру де жауапкершіліктің бір бөлігі.
Театр әртістерінің айтуынша, өнер адамдары күн сайын көрерменге рухани тәрбие мен эстетикалық әсер сыйлауға ұмтылады. Ал ел өміріндегі маңызды кезеңдерде азамат ретінде өз жауапкершілігін сезініп, қоғамдық іске белсенді араласу да маңызды.
Сайлау – әр азаматтың өз таңдауын білдіруге мүмкіндік беретін маңызды қоғамдық үдеріс. Осы күні театр ұжымы да өз дауысын беріп, елдің қоғамдық саяси өміріне белсенді қатысудың үлгісін көрсетті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/1278578?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау