Аққұм ауылындағы №147 сайлау учаскесінде тыл ардагерлері Құрылтай сайлауына қатысып, өз таңдауларын жасады.
Тыл ардагерлері бейбіт күннің қадірін, еңбектің бағасын, ел бірлігінің маңызын жақсы білетін ұрпақ. Олар қиын-қыстау кезеңдерді бастан өткеріп, елдің өсіп-өркендеуіне маңдай терімен үлес қосты. Бүгінде сол буынның ел болашағына қатысты маңызды қоғамдық-саяси үдеріске белсенді қатысуы кейінгі ұрпаққа үлкен өнеге.
Аққұмдық ардагерлердің пайымынша, мемлекет болашағы ең алдымен елдің тұрақтылығы, бірлігі мен берекесіне байланысты. Ал осы құндылықтарды сақтау бүгінгі ұрпақтың ғана емес, келешек буын алдындағы ортақ жауапкершілік.
«Елдің тыныштығы мен берекесінен артық байлық жоқ. Бүгінгі ұрпақтың бейбіт өмір сүріп, білім алып, еңбек етіп, өз болашағын құруы – үлкен бақыт. Сондықтан елдің келешегіне қатысты әрбір маңызды іске өз үлесімізді қосуымыз керек», – дейді тыл ардагерлері.
Аға буынның бүгінгі таңдауы ұрпақтар сабақтастығының үлгісі. Олар өз дауыстарын бере отырып, ел ертеңінің жарқын болуына, жас ұрпақтың лайықты болашақ құруына деген сенімдерін білдірді.
https://zhalagash-zharshysy.kz/
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhalagash/press/news/details/1278607?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау