2026 жылғы 20 тамызда Талдықорған қаласында дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында Философия ғылымдарының докторы, доцент, діни экстремизмнің алдын алу жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, Қазақстан Республикасы ҰҚК Академиясының профессоры Жұманова Гүлнар Жақанқызының қатысуымен бірқатар кездесулер мен медиаөнімдер ұйымдастырылды.
Орталық базасында орналасқан студияда «Жаңа Конституция және зайырлы мемлекет» тақырыбында подкаст түсіріліп, зайырлы мемлекет қағидаттары, ар-ождан және діни сенім бостандығы, қоғамдағы діни тұрақтылық пен өзара құрмет мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, Г. Жұманованың қатысуымен:
🔹 Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт мектебінде спортшылармен;
🔹 Жетісу облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде;
🔹 Жастар ресурстық орталығында;
🔹 Талдықорған қаласындағы №54380 әскери базасында;
🔹 Талдықорған қаласының діни бірлестік өкілдерімен кездесулер өткізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy-din/press/news/details/1278689?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау