Абай облысында жыл басынан бері 8000-нан аса жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпаған

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері облыс аумағында қауіпсіздік белдігін тақпаған 8 108 жүргізушінің жолы кесілді. Бұл – жолдағы қарапайым қауіпсіздік талабына салғырт қарауға болмайтынын көрсететін маңызды көрсеткіш. Қауіпсіздік белдігін тағу – бірнеше секундты ғана қажет ететін қарапайым әрекет. Алайда жол-көлік оқиғасы кезінде оның адам өмірін сақтаудағы маңызы зор. Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Омаров Бауыржан:

«Қауіпсіздік белдігі – жүргізуші мен жолаушыны жолдағы күтпеген жағдайдан қорғайтын негізгі құралдардың бірі. Жол-көлік оқиғасы кез келген жерде және кез келген уақытта болуы мүмкін. Сондықтан “жақын жерге ғана барамын” немесе “асығыс едім” деген сылтау қауіпсіздікті екінші орынға қоюға себеп болмауы тиіс. Әрбір азамат көлікке отырған сәттен бастап өз өмірі мен өзгелердің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауы қажет», – деді.

Полиция қызметкерлері жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға, қауіпсіздік белдігін міндетті түрде тағуға және жолдағы жауапкершілікті арттыруға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1278978?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version