https://www.instagram.com/reel/DcVwRf0CDcI/?igsi=cHpiaXh3Zmc0YWVx
Облыс әкімінің орынбасары Ғ.Елеуов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы А.Жүсібалиев және аудан әкімі Д.Тоғызбаев Әйтеке би ауданындағы егін жинау жұмыстарының барысымен танысты.
Жұмыс сапары барысында «Құмқұдық» ЖШС мен «Бұлақ» шаруа қожалығының егіс алқаптары араланып, шаруалармен науқанның ұйымдастырылуы, техника дайындығы және өнімді ысырапсыз жинау мәселелері талқыланды.
Биыл ауданда 171 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Оның ішінде дәнді, майлы және мал азықтық дақылдар бар.
Қазіргі таңда 25,6
мың гектар дәнді дақыл орылып, орташа өнімділік 7 центнерді құрады. Барлығы 17,6 мың тонна өнім жиналды. Егін жинау жұмыстарының жалпы орындалу көрсеткіші – 19,7 пайыз.
Биылғы егін жинауға жалпы алғанда 228 техника – 146 комбайн, 47 трактор, 35 жүк көлігі тіркемелерімен және 463 адам қатысады деп жоспарланған.Бұл алтын дәнді ысырапсыз жинап, уақтылы қамбаға жеткізіп алуға мүмкіндік береді.
Алдағы міндет – ауа райының қолайлы кезеңін тиімді пайдаланып, егінді сапалы әрі ысырапсыз жинап, науқанды уақытылы аяқтау.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-aitekebi/press/news/details/1278707?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау