Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ өкілдерімен бірлесіп, алдағы жылыту маусымына дайындық аясында тұрғын үйлерде рейдтік іс-шара өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жылыту маусымы кезінде орын алуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу, сондай-ақ тұрғындар арасында өрт және газ қауіпсіздігі талаптарын сақтау мәдениетін арттыру.
Рейд барысында көппәтерлі тұрғын үйлердің жылыту бөлмелері тексеріліп, жылыту жүйелері мен газ жабдықтарының қауіпсіз пайдаланылуына назар аударылды.
Сонымен қатар, тұрғындармен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мамандар газ және жылыту жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау, жабдықтарға уақтылы техникалық қызмет көрсету және ақаулы жылыту құрылғыларын пайдаланбау қажеттігін түсіндірді.
Тұрғындарға жылыту маусымы кезеңінде өрт және газ қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша жадынамалар беріліп, қауіпсіздік талаптарын сақтаудың маңыздылығы түсіндірілді.
Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы тұрғындарды жылыту құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға және газ жабдықтарының жарамдылығына тұрақты түрде назар аударуға шақырады.
Маңғыстау облысы ТЖД
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-mangystau/press/news/details/1279195?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау