Ақтау қаласының прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігімен (атыс қаруын қолдану арқылы бұзақылық) айыпталған Ақтау қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық істі соттың қарауына жолдады.
Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, қаладағы барлардың бірінде айыпталушы мен келушілердің біреуімен жанжал туындаған. Жанжал барысында айыпталушы атыс қаруын қолданып, жәбірленушіге оқ атқан, соның салдарынан оған дене жарақаттары келтірілген.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды.
Аталған баптың санкциясы бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.
Кінәсіздік презумпциясы қағидатына сәйкес, адам соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз болып есептеледі.
Адамның кінәлілігі, оның әрекеттерінің құқықтық саралануы және жаза тағайындау мәселелері соттың құзыретіне жатады.
Прокуратура қоғамдық тәртіпті бұзуға, азаматтарға қатысты күш қолдануға жол берілмейтінін ескертеді.
Заң талаптарын сақтау, айналадағы адамдардың құқықтарын құрметтеу, сондай-ақ жанжалдарды шешудің зорлық-зомбылық тәсілдерінен бас тарту қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздіктің негізі болып табылады. Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін кез келген әрекетке жол берілмейді және заңнамада көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
Маңғыстау облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-mangistau/press/news/details/1278918?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау