Атырауда қызметтік иттің көмегімен жоғалған 77 жастағы қария табылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Атырауда қызметтік иттің көмегімен жоғалған 77 жастағы ер адам табылды.

     23 тамыз күні сағат 23:50 шамасында полицияға 77 жастағы ер адамның үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, хабарсыз кеткені туралы ақпарат түскен.

     Іздеу жұмыстарына кинологтар Рахымжан Ерболат пен Еламан Утеулиев және қызметтік-іздестіру иті Герда жұмылдырылды. Кинологтар Гердаға жоғалған азаматтың киімін иіскетіп, іздеуді оның үйінің алдынан бастады.

     Қызметтік ит ізбен шамамен 2 шақырым жүріп өтіп, канал маңындағы қамыс арасынан жоғалған ер адамды тапты. Азаматтың жағдайы жақсы. Ол полиция қызметкерлеріне жедел әрекеті мен көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.

     Герда 2024 жылдан бері ішкі істер органдарында қызмет атқарып келеді. Осы уақыт ішінде ол түрлі іздестіру жұмыстарына қатысып, полиция қызметкерлерінің сенімді серігіне айналды.

     Қызметтік иттердің көмегі – полиция қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі. Герда секілді іздестіру иттері қиын жағдайларда адамды жедел табуға және оның өмірі мен қауіпсіздігін сақтауға елеулі үлес қосып келеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1279259?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version