Аудан аумағында тазалық пен абаттандыру талаптарын сақтау бойынша аудан әкімдігі мен учаскелік полиция қызметкерлерінің қатысуымен рейд ұйымдастырылды.
Рейд барысында тұрғындар мен кәсіпкерлік нысан иелеріне 2026 жылғы 1 шілдеден бастап меншік иелері өз аумағымен қатар, нысанына іргелес 5 метр аумақтың тазалығына жауапты екені түсіндірілді.
Қоқыс пен құрылыс қалдықтарын ортақ пайдаланылатын аумақтарға тастамау, құрылыс материалдарын белгіленбеген жерлерге орналастырмау талаптары жеткізілді.
Абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін 20 АЕК (86 500 теңге), ал ортақ пайдаланылатын аумақтарды ластағаны үшін 10 АЕК (43 250 теңге) мөлшерінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Құқық бұзушылық қайталанған жағдайда жаза күшейтіледі.
5 метрлік іргелес аумаққа қоқысты басқа адам тастаған жағдайда да оны тазалау міндеті меншік иесіне жүктеледі. Талап орындалмаған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Рейд барысында тұрғындар мен кәсіпкерлік нысан иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, заң талаптарын сақтау жөнінде ескертулер берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-turan/press/news/details/1279228?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау