Аудандық педагог қызметкерлердің тамыз конференциясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

20 тамыз күні жаңа 2026–2027 оқу жылына дайындық мәселелерін талқылау мақсатында аудандық педагог қызметкерлердің дәстүрлі тамыз конференциясы өтті. Конференцияға білім саласының ардагерлері, білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтер қатысты. Іс-шара барысында өткен оқу жылына қорытынды жасалып, білім сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби біліктілігін жетілдіру және жаңа оқу жылындағы басым бағыттар талқыланды. Конференция барысында ұстаздарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, еңбегімен ерекшеленген бірқатар педагогтер марапатталды. Білім саласына үлес қосып жүрген ұстаздарға алғыс білдіріліп, алдағы жұмыстарына сәттілік пен шығармашылық табыс тіледі. Сондай-ақ педагогтердің үздік тәжірибелері мен шығармашылық жұмыстары таныстырылып, секциялық отырыстарда білім беру үдерісін жетілдіру мәселелері қаралды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-shortandy/press/news/details/1278769?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version