Азаматтарды қабылдау

Жарияланды:

Автор:

категорияда

      2026 жылғы 21 тамызда Атырау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысы Б. Таишев азаматтармен жеке қабылдау өткізді.

     Қабылдауға «Сәуле Kids» жеке мектепке дейінгі білім беру ұйымының құрылтайшылары лицензия алу туралы мәселесімен келді.  

      Департамент басшысы Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасына енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2027 жылдан бастап мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін лицензиялау енгізілетіндігін, кадрлық қамтамасыз етуге, материалдық-техникалық базаға, оқу-әдістемелік қамтамасыз етуге және білім беру қызметін жүзеге асыру жағдайларына қойылатын біліктілік талаптарының мәнін, сондай-ақ лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу тәртібін, қажетті құжаттар топтамасын қалыптастыру мәселелерін түсіндірді.

      Қабылдау барысында Департамент басшысы азаматтардың өтініштерін мұқият тыңдап, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жан-жақты түсіндірмелер берді.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-atyrau/press/news/details/1278909?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version