- Денге безгегі несімен қауіпті және оның белгілері?
Денге безгегі тропикалық елдерде мекендейтін масалар арқылы тарайтын, тұмаудың ауыр түріне ұқсас инфекция. Қазақстанда ондай масалардың түрлері жоқ, бірақ біздің азаматтар эпидемиологиялық қолайсыз елдерге барған кезде жұқтырып алуы мүмкін.
Ауру кенеттен температураның 39-40 градусқа дейін көтерілуімен, қалтыраудың пайда болуымен, бел омыртқа сүйектері мен бұлшық еттерінің, құймышақ омыртқаның, тізе буындарының, іштік тік бұлшықеттерінің ауырсынуынан басталады. Өткір әлсіздік, бас ауруы, көз алмасының ауыруы, фотофобия, бас айналуы, тәбеттің төмендеуі, жүрек айнуы мен ерін сезімі, құсу, ұйқысыздық, ауыз және еріннің құрғауы, аурудың ауыр түрінде қан кетуі мүмкін.
- Бүгінгі таңда қай елдер Денге безгегі бойынша қолайсыз?
Денге безгегі климаты тропикалық және субтропикалық елдерде (Үндістан, Индонезия, Малайзия, Тайланд және т.б.) аурушаңдық мен өлім-жітімнің негізгі себебкері болып табылатын тропикалық ауру.
- Денге безгегін жұқтырудың алдын алу үшін не істеу керек?
Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қолайсыз елдерге барған кезде азаматтардың Денге безгегін жұқтырудың алдын алу үшін инфекция тасымалдаушылардан (масалардан) қорғануды және жеке басты гигиенаны сақтауға кеңес береді:
– масаларды үркіту үшін репелленттерді қолданыңыз. Репелленттерді дененің ашық жерлеріне жағыңыз, репелленттермен сіңдірілген киім киген жөн. Репелленттердің әсер ету ұзақтығы ауаның температурасы мен ылғалдылығына байланысты өзгереді: жоғары температура мен ылғалдылықта кем дегенде 30-50 минут, қалыпты жағдайда 3 – 4 сағатқа дейін;
– терезеге масаға қарсы тор орнатылған бөлмеде ұйықтау;
– масалар бөлмеге енген кезде инсектицидті аэрозоль қолданыңыз;
– масалардың көп мөлшері болған кезде инсектицидпен өңделген шатырдың астында ұйықтаңыз.
Денге безгегіне қолайсыз елдерге барып қайтқаннан кейін маса шағу іздерін, бөртпелердің немесе кез келген басқа тері өзгерістерінің пайда болуын байқасаңыз, дереу дәрігерге қаралу керек.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1279109?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау