Гарнизондық саптық жиын: қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігі — басты назарда
Бүгін Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінде ПД бастығы, полиция генерал-майоры Ерлан Омарбековтің басшылығымен жеке құрамның кезекті гарнизондық саптық жиыны өтті.
Қызметке кірісер алдында қызметкерлер нұсқамадан өтті. Қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және заң талаптарын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
ШҚО Полиция департаментінің бастығы әр қызметкердің жұмысында заңдылық, тәртіп, қырағылық және қызметтік міндеттерді орындауға жауапкершілік басты қағидаттар болуы тиіс екенін атап өтті.
«Полицияның басты міндеті — құқық бұзушылықтарға дер кезінде ден қою ғана емес, сонымен қатар олардың алдын алу шараларын қабылдау. Әр қызметкердің кәсібилігі мен мұқияттылығына азаматтардың қауіпсіздігі және қоғамның полицияға деген сенімі тікелей байланысты», — деді Ерлан Омарбеков.
Саптық жиын барысында қызметтің басым бағыттары айқындалды. Олардың қатарында кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бар. Азаматтар көп жиналатын орындарды патрульдеуге қатысты міндеттерге де ерекше назар аударылды.
Жеке қауіпсіздік шараларын сақтау мәселесіне айрықша көңіл бөлінді. Қызметкерлер заң талаптары мен қызмет атқарудың белгіленген тәртібін қатаң сақтай отырып, сауатты әрі батыл әрекет етуі тиіс.
Гарнизондық саптық жиын салтанатты шерумен аяқталды. Осыдан кейін полиция қызметкерлері патрульдеу бағыттары мен қызметтік учаскелерге қызмет атқаруға кірісті.
Тәртіп, іс-қимылдардың үйлесімділігі және жоғары жауапкершілік — Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қойылған міндеттерді тиімді орындаудың негізгі шарттары.
ШҚО ПД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1278686?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау