Газды есепке алу аспаптарына қойылатын жаңа талаптар 2026 жылғы 24 тамыздан бастап газды есепке алу аспаптарына қатысты жаңа талаптар қолданысқа енгізіледі. 2026 жылғы 24 тамыздан бастап жаңадан газ тұтынуға қосылатын абоненттер қашықтан деректерді беру функциясы бар Smart есептегіштермен жабдықталуы тиіс. 2026 жылғы 24 тамыздан кейін техникалық шарт алған жаңа тұтынушылар да қашықтан деректерді беру мүмкіндігі бар Smart есептегіштерді орнатуы қажет. Өнеркәсіптік және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар қолданыстағы есепке алу аспаптарын 2027 жылғы 31 желтоқсанға дейін қашықтан деректерді беру функциясы бар есептегіштерге ауыстыруды қамтамасыз етуі тиіс. Smart есептегіш не үшін қажет? Қашықтан деректерді беру функциясы газ тұтыну көрсеткіштерін автоматты түрде жіберуге мүмкіндік береді. Бұл есеп жүргізуді жеңілдетіп, тұтыну туралы ақпаратты жедел әрі ыңғайлы алуға жағдай жасайды. Маңызды: газ желісіне қосылған қолданыстағы тұрмыстық тұтынушылар үшін есепке алу аспаптарын ауыстыру жаңа талаптар күшіне енгенге дейін газ тарату ұйымының қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Жаңа талаптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес енгізілуде.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-energetika-kommunal/press/news/details/1279089?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау