Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің 2026 жылғы 7 айдағы жұмысының қорытындысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімі 6 негізгі бағыт бойынша жұмыс жүргізеді:

1. Қолжетімділіктің интерактивті картасы;
2. Оңалтудың жеке бағдарламасының орындалуы;
3. Мемлекеттік бақылау (тексерулер);
4. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарын лицензиялау;
5. Әлеуметтік қызметтер көрсету порталы;
6. Сәйкестік декларациясын келісу.

2026 жылдың 7 айындағы атқарылған жұмыстардың негізгі қорытындылары төмендегідей.

Мемлекеттік бақылау

Әлеуметтік кодекс талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу шеңберінде барлығы 12 тексеру жүргізілді. Оның ішінде:

– профилактикалық бақылау – 4;
– жоспардан тыс тексеру – 6;
– прокуратурамен бірлескен тексеру – 2.

Жоспардан тыс тексерулер

2026 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша 6 жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

Тексеру нәтижесінде:

– 3 нұсқама берілді, қазіргі таңда олардың орындалуы белгіленген мерзімдерге сәйкес бақылауда;
– 3 тексеру субъектісіне қатысты әкімшілік іс қозғалып, жалпы сомасы 454 125 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді орта қалыптастыру

Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру бағытында «Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау» ақпараттық порталында орналасқан Қолжетімділіктің интерактивті картасын жергілікті атқарушы органдардың толтыру жұмыстарына мониторинг жүргізіледі.

Сонымен қатар, 2023–2027 жылдарға арналған «AMANAT» партиясының жол картасы шеңберінде инфрақұрылымдық нысандардың 2026 жылдың соңына дейін 80%-ын бейімдеу жоспарланған.

2026 жылғы 31 шілдедегі жағдай бойынша нысандардың бейімделу көрсеткіші 69%-ды құрады.

Әлеуметтік қызметтер көрсету порталы және сәйкестік декларациясын келісу

Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы №253-VIII ҚРЗ Құрылыс кодексін қолданысқа енгізу және оның нормаларын іске асыру шеңберінде 2026 жылғы 1 шілдеден бастап мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді орта талаптарына сәйкестік туралы декларацияны келісу мақсатында объектіні бағалау және қорытынды қалыптастыру алгоритмі әзірленді.

2026 жылғы 31 шілдедегі жағдай бойынша Департаментке осы бағытта 8 өтініш келіп түсті.

Оның ішінде:

– 5 өтініш келісілді;
– 2 өтініш кері қайтарылды;
– 1 өтініш өтініш берушінің өзі тарапынан қайтарып алынды.

Осылайша, 2026 жылдың 7 айында Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімі мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету, мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру және әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы талаптардың сақталуын бақылау бағыттары бойынша жүйелі жұмыстар жүргізді.

Фариза Смайлова

Халықты әлеуметтік қорғау

саласындағы бақылау

бөлімінің басшысы                                                                          

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-shymkent/press/news/details/1278862?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version