Информатика пән бірлестігінің тамыз кеңесінің секциялық отырысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026ж 21.08. күні “№5 жалпы орта білім беретін мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі базасында «Жаңа Конституция: білім, ғылым, инновация және адами капитал – мектептің жаңа стратегиялық бағдары» тақырыбында аудандық информатика пәні мұғалімдерінің отырысы өтті. Отырыс барасында Аягөз аудандық білім бөлімінің ғылыми – әдістемелік кабинетінің информатика пәні мұғалімдерінің әдіскері К. Тусипова «Жаңа Конституция: білім, ғылым, инновация және адами капитал – мектептің жаңа стратегиялық бағдары» тақырыбында баяндамасын оқып, 2026 – 2027 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хатта енгізіліген өзгерістер мен толықтыруларға тоқталып өтті. Сонымен қатар  «Жасанды интеллект және білім беру: оқушының интеллектуалдық әлеуетін дамытудағы жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында “К.Бозтаев атындағы қазақ мектеп- гимназиясы” КММ – нің информатика пәні мұғалімі Бауржанова Асель Бауржановна ,  «Информатика сабақтарында функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың тиімді әдістері»; тақырыбында Қалалық қазақ мектеп- лицейі» КММ – нің информатика пәні мұғалімі Исабаев Рауан Манарбекұлы және “№10 қазақ мектеп-гимназиясы” КММ – нің информатика пәні мұғалімі Сапаева Назым Даулетхановна  «AI-ды  информатика сабағында тиімді пайдалану: мұғалімге арналған 10 практикалық тәсіл» тақырыбында өз іс – тәжірибесімен бөлісті. Отырыс соңында пән мұғалімдері өзара пікір алмасып, жаңа оқу жылында білім беру процесіне жасанды интеллект элементтерін енгізу және оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша нақты ұсыныстар дайындады. Еңбегімен бөліскен әріптестерге алғыс білдіріліп, алдағы оқу жылына арналған негізгі міндеттер мен әдістемелік бағыттар бекітілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ayagoz-roo/press/news/details/1278789?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version