Бүгін Кентау қалалық мәслихатының кезектен тыс 45-ші сессиясы өтті. Сессия жұмысына қала әкімі Жандос Тасов, мәслихат депутаттары, қала әкімінің орынбасары, бөлім басшылары және тиісті мекеме басшылары қатысты.
Мәслихат сессиясын қалалық мәслихат төрағасы Қаблан Елеусізов жүргізді.
Отырыстың күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қаралды:
1. Кентау қалалық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №232 «2026-2028 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2. Кентау қалалық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №233 «Кентау қаласының Ащысай ауылының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
3. Кентау қалалық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №234 «Кентау қаласының Байылдыр ауылының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
4. Кентау қалалық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №235 «Кентау қаласының Хантағы ауылының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
5. Кентау қалалық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №236 «Кентау қаласының Қарнақ ауылының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
6. «Кентау қалалық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қалалық мәслихаттың бірлескен тұрақты комиссиялар отырысында талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1278858?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау