Көлтоған ауылындағы дүкендерде профилактикалық жұмыстар жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жуалы ауданының Көлтоған ауылдық №14 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері ауыл аумағындағы дүкендерде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында дүкен иелері мен қызметкерлеріне электр желілері мен жабдықтарын қауіпсіз пайдалану, электр құрылғыларын қараусыз қалдырмау, өрт сөндіргіштердің жарамдылығын қамтамасыз ету, эвакуациялық жолдарды бөгемеу және жанғыш заттарды қауіпсіз сақтау талаптары түсіндірілді. Сонымен қатар, өрт немесе басқа да төтенше жағдай туындаған кезде 101 немесе 112 нөміріне дереу хабарласу қажеттігі ескертілді.

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1278872?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version