Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен әділет кеңесшісі Қайсар Оралұлы Әбішев Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының прокуроры лауазымына тағайындалды.
Қайсар Оралұлы Әбішев прокуратура органдарындағы еңбек жолын 2007 жылы бастаған.
Әр жылдары Жамбыл ауданы, Петропавл қ. прокурорының көмекшісі, облыс прокуратурасының басқарма прокуроры, аға прокуроры, Петропавл қаласы прокуратурасының бөлім бастығы, Мағжан Жұмабаев ауданы, Петропавл қ. прокурорының орынбасары лауазымдарын атқарған.
2023 жылғы мамырдан бастап осы уақытқа дейін Қызылжар ауданының прокуроры лауазымын атқарған.
Жалпы жұмыс өтілі – 24 жылдан астам, прокуратура органдарында 19 жылдан астам.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/1278809?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау