Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен заңнамаға өзгерістер енгізіліп, 2020 жылдың басынан бастап мас күйінде көлік құралын басқарған жүргізушілерге қолданылатын жауапкершілік күшейтілді.
Шымкент қаласының Еңбекші ауданында қызмет атқару барысында патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жол қозғалысы ережесін бұзған мопед жүргізушісін тоқтатқан.
Тексеру барысында жүргізушінің алкогольдік ішімдік ішкеніне күдік туындап, медициналық куәландыруға жіберілді. Сараптама нәтижесінде оның мас күйінде көлік басқарғаны анықталды.
Жүргізуші заңнамаға сәйкес 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, мопед айыптұраққа қойылды.
Патрульдік полиция полкі мас күйінде көлік басқару – өзіңізге ғана емес, жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне де үлкен қауіп екенін ескертеді!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1279257?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау