ӨКІЛ «ЕРКІНДІК РУХЫ» ЖАСТАР ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ МҮШЕСІМЕН КЕЗДЕСТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаев Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы «Еркіндік рухы» жастар құқықтары жөніндегі комиссиясының мүшесі АлиИслам Байхадаммен кездесті.
Кездесу барысында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ жастар арасында адам құқықтары мәдениетін қалыптастыру бағытындағы алдағы бірлескен жұмыстар талқыланды.
Тараптар өңір жастары арасында өзекті мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, оның ішінде буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, жеке деректерді қорғау, өзара құрмет пен жауапкершілік, құқықтық мәдениет мәселелеріне басымдық беру жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша жастардың құқықтарын қорғау және құқықтық ағарту бағытындағы бірлескен жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-kyzylorda-oblysy/press/news/details/1279100?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version