Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «№ 68 мекеме» республикалық мемлекеттік мекемесіне (Тергеу изоляторы) барып, күдікті және айыпталушы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.
Жеке қабылдау барысында басты назар күдікті айыпталушы азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына, соның ішінде медициналық көмек алу қолжетімділігіне аударылды. Өкіл әрбір өтініш берушіні жеке тыңдап, олардың заңды сұрақтары бойынша қолданыстағы заңнама шеңберінде тиісті құқықтық түсіндірмелер берді. Сонымен қатар, анықталған мәселелерді шешуге бағытталған тиісті ұсынымдар әзірленді.
Мұндай шаралардың негізгі мақсаты – жабық үлгідегі мекемелерде адамның құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына жәрдемдесу, сондай-ақ қамауда отырған азаматтардың өтініштерін зерделеу және олардың құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-kyzylorda-oblysy/press/news/details/1279083?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау