«Өзіңізді алдауға жол бермеңіз»: полиция Талдықорғанда интернет-алаяқтықтың алдын алу жұмыстарын күшейтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Талдықорған қаласында полиция қызметкерлері интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша жүйелі жұмыстарын жалғастыруда. Алаяқтардың арбауына жиі түсетін егде жастағы азаматтарға ерекше көңіл бөлінуде.

Демалыс күндері қаланың Орталық коммуналдық базарында ауқымды профилактикалық іс-шара өткізілді. Полиция қызметкерлері келушілерге түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, интернет-алаяқтықтың кең таралған тәсілдері туралы айтып, қаржылық қауіпсіздіктің негізгі ережелерін еске салды.

Банк және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің атынан жасалатын қоңырауларға, күмәнді сілтемелері бар хабарламаларға, SMS арқылы келген кодтарды хабарлауды талап етуге, сондай-ақ ақшаны «қауіпсіз шоттарға» аударуды ұсынуға ерекше назар аударылды.

Полиция қызметкерлері азаматтарды банк карталарының деректерін, құпиясөздер мен растау кодтарын бөгде адамдарға айтпауға, күмәнді сілтемелерге өтпеуге және бейтаныс адамдардың нұсқауы бойынша ақша аудармауға шақырды.

Полиция ескертеді: егер сізге белгісіз адамдар қоңырау шалып, қандай да бір сылтаумен жеке деректеріңізді хабарлауды немесе ақша аударуды талап етсе, әңгімені дереу тоқтатып, банкке немесе тиісті ұйымға ресми байланыс арналары арқылы өзіңіз хабарласыңыз.

Қырағы болыңыз және егде жастағы туыстарыңызға алаяқтықтың кең таралған тәсілдері туралы міндетті түрде айтып жүріңіз. Жақындарыңызбен қарапайым әңгімелесудің өзі олардың жинаған қаражатын сақтап қалуға көмектеседі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1279260?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version