Жаңа оқу жылы қарсаңында Оңтүстік-батыс-2 тұрғын алабында орналасқан №87 жалпы білім беретін орта мектепте Ашық есік күні өтті. Қонақтар жаңа мектеппен, оның инфрақұрылымымен және балалардың жайлы білім алуына жасалған жағдайлармен танысты.
Мектеп 300 оқушыға арналған. Жаңа оқу жылында мұнда №10 мектептен ауысу арқылы 290 оқушы келеді.
Экскурсия барысында келушілерге оқу кабинеттері мен мамандандырылған кеңістіктер таныстырылды. Мектепте STEM, робототехника, биология, химия, физика және информатика кабинеттері, сондай-ақ бастауыш сыныптарға, технология, тарих, география, математика және алғашқы әскери дайындыққа арналған кабинеттер қарастырылған.
Заманауи материалдық-техникалық жабдықталуға ерекше көңіл бөлінген. Оқу кабинеттері қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1279171?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау