Патрульдік полиция қызметкерлері қиын жағдайға тап болған отбасыға жедел көмек көрсетті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Патрульдік полиция қызметкерлері қиын жағдайға тап болған отбасыға жедел көмек көрсетті

21 тамыз күні «Өскемен – Алтай – Рахман қайнарлары» тасжолының 63-шақырымында патрульдік полиция экипажына жергілікті тұрғын көмек сұрап жүгінген. Оның кәмелетке толмаған қызының денсаулығы күрт нашарлап, іші қатты ауырған. Қызға шұғыл медициналық көмек қажет болған.

ПА-414 экипажы құрамында қызмет атқарған полиция аға лейтенанттары Серік Қыдырбеков пен Ахметуали Ақанов әйелдің өтінішіне бірден ден қойып, қажетті шешім қабылдаған. Полицейлер әйелдің көлігін Өскемен қаласына дейін жедел түрде алып жүруді ұйымдастырған.

Патрульдік полиция қызметкерлерінің жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында қыз бала Өскемен қаласындағы Ана мен бала орталығына уақытылы жеткізіліп, оған қажетті медициналық көмек көрсетілді.

Бұл жағдайда әрбір минуттың маңызы зор еді. Полицейлердің көмегі отбасының жолда уақыт жоғалтпай, медициналық мекемеге тезірек жетуіне мүмкіндік берді.

Қыздың анасы полиция қызметкерлеріне көрсеткен көмегі, жеделдігі мен қиын сәттегі қолдауы үшін шынайы алғысын білдірді.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1278745?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version