Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылының тұрғыны Севара Мирзахмедова 2025 жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасының мүмкіндігін пайдаланып, 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие алған. Қаржылай қолдаудың арқасында қажетті құрал-жабдықтарын сатып алып, өз кәсібін бастаған.
Кәсіпкерлік нысанда жартылай дайын өнімдердің бірнеше түрі, сондай-ақ тәтті бәліштер мен нан өнімдері дайындалады. Өнімдер тұтынушылардың сұранысы мен тапсырысына қарай әзірленеді.
Бүгінде дайындалған өнімдер Қарнақ ауылындағы балабақшаларға, сондай-ақ Кентау қаласындағы мектептер мен дүкендерге жеткізіледі. Осылайша, жергілікті кәсіпкер ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып қана қоймай, сапалы азық-түлік өнімдерін өндіру арқылы жергілікті нарықты қамтуға өз үлесін қосып келеді.
Кәсіпкер қазіргі таңда өнім түрлерін көбейтіп, өндіріс көлемін арттыру бағытында жұмыс жүргізуде.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1278864?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау