ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚҰРЫЛТАЙЫНА ДЕПУТАТТАРДЫ САЙЛАУ БОЙЫНША ДАУЫС БЕРУДІҢ АЛДЫН АЛА НӘТИЖЕЛЕРІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) Қазақстандағы Құрылтай депутаттарының сайлауы бойынша дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады

24 тамыз таңертеңгі жағдай бойынша дауыс берудің алдын ала нәтижелері келесідей:

  • “Әділет” партиясы – 71,17 пайыз;
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) – 5,11 пайыз;
  • “Байтақ” жасылдар партиясы – 1,7 пайыз;
  • Қазақстанның халық партиясы (ҚХП) – 3,10 пайыз;
  • “Ауыл” халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 6,26 пайыз;
  • “Ақ жол” демократиялық партиясы – 5,21 пайыз;
  • Respublica – 5,56 пайыз;
  • “Барлығына қарсымын” – 2,51 пайыз.

Партиялар Құрылтайға өту үшін жалпы дауыс берушілер санының кемінде 5 пайызын жинауы тиіс болатын.

ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, сайлаушылардың жалпы саны 12 623 289 адам болған. Сайлауға 9 351 539 адам немесе тізімге енгізілген азаматтардың 73,8 пайызы қатысты.
Елімізде сайлау учаскелері жабылғаннан кейін бірден дауыстарды санау басталды. Содан кейін аумақтық комиссиялар ОСК-ға нәтижелер бойынша есеп береді. Орталық сайлау комиссиясы қорытындыны арнайы отырыста шығарады.

Соңғы қорытындылар 30 тамызға дейін белгілі болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ljubljana/press/news/details/1279304?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version