Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі «Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 2-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің «Биржалық тауарлар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2026 жылғы 27 наурыздағы № 148-НҚ бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» бұйрық жобасын әзірледі.
Бұйрық жобасы Биржалық тауарлар тізбесіне өзгеріс пен толықтыру енгізу мақсатында әзірленген, бұл тізбені мұнай-газ-химия өнімі – полипропиленмен толықтыруды, сондай-ақ тауар биржалары арқылы міндетті түрде өткізілуге жататын қанттың ең төменгі үлесі және аталған міндет қолданылатын субъектілер санаты бөлігінде өзгеріс енгізуді көздейді.
Негізгі мақсат: Жобаны қабылдау биржалық нарықтың жұмыс істеу тиімділігін арттыру және бағаның әділ және ашық қалыптасуына жағдай жасау.
ҚР СИМ Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің «Биржалық тауарлар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2026 жылғы 27 наурыздағы № 148-НҚ бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» бұйрығының жобасын жариялады. 2026 жылғы _________ мен 2026 жылғы _________ аралығында Ашық нормативтік құқықтық актілер порталында аталған жоба бойынша жария талқылау жүргізілетін болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1279211?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау