Қазақстанда әуе бағыттарын 90%-ға дейінгі дәлдікпен модельдейтін платформа әзірленді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Echelon Alpha компаниясы Көлік министрлігімен бірлесіп азаматтық авиацияның маршруттық желісін оңтайландыруға және рейстердің коммерциялық тиімділігін кешенді бағалауға арналған цифрлық жүйе әзірледі. Жүйе сұранысты бағыттар бойынша талдауға, транзиттік әлеуетті болжауға және перспективалы маршруттық желіні модельдеуге мүмкіндік береді.

«Әуе қатынасының аналитикалық моделін құру үшін әуе тасымалдаушылардың шамамен 170 есебі және соңғы 5 жылдағы 200 млн рейс туралы деректер жиынтығы өңделді. Жүйе өңірлердің макроэкономикалық көрсеткіштерін, халық санын, тұтынушылардың қалауын, іскерлік белсенділігін және ірі оқиғалардың күнтізбесін ескереді. Платформа тек ашық және коммерциялық дереккөздер, сондай-ақ геомаркетингтік деректер негізінде жұмыс істейді, болжамдардың дәлдігін 90%-ға дейін қамтамасыз етеді»,

— деді Echelon Alpha компаниясының құрылтайшысы Рахман Асамбаев.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/1278975?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version